Шығыс Қазақстан облысында 7 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат таратқан полицейлер жазаланды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын-ала мәлімет бойынша, олар жасөспірімнің зорлыққа ұшырағаны туралы ақпаратты желіде таратқан.
ШҚО ПД басшысы генерал-майор Бақтыбаев полиция бөлімінің 16 лауазымды тұлғасын қатаң тәртіптік жазаға тартуға бұйрық берген. Олардың арасында аудандық полиция бөлімінің басшысы да бар.
Еске сала кетсек, ШҚО ер адам кәмелетке толмаған қызын зорлап тастаған болатын. Қылмыстан соң ол асылып өлгенін жазған болатынбыз.
Оқиғадан соң қыздың анасы құзырлы органдарға арыз жазған. Ал тәртіп сақшылары болса кішкентай қыздың және оның анасының аты-жөні көрсетілген арызды әлеуметтік желі арқылы таратқан. Толығырақ оқыңыз.