Әлемдік деңгейде аты танымал болған қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Әншінің YouTube-тегі ресми аккаунтында «Знай» атты әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрді.
БАҚ жазуынша, әннің сөзін Михаил Гуцериев, музыкасын композитор әрі продюсер Игорь Крутой жазған.
Айта кету керек, Димаш бұл әнін алғаш рет наурыз айында Мемлекеттік Кремль сарайында өткен жеке концертінде орындаған болатын.