Павлодар облысы әкімдігі Болат Бақауовқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Аталған өңірдің баспасөз қызметшісі Ернар Сейтахметтің айтуынша, өңір басшылығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.
«Облыс басшылығы өзінің жұмыс орнында. Тек аймақ басшысы дәл қазір ғимаратта жоқ. Ол қалада жұмыстармен жүр», – деді Ернар Сейтахмет.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тараған-ды.