Ақпараттық порталдардың бірінде қаламын шерітіп жүрген жас журналист қатерлі ісіктен көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық журналист Мәдина Нұрбекованың құрбысы Санияның айтуынша, соңғы жылдары Мәдинаның басы қатты ауыратын болған. Тіпті төсектен тұруға мұршасы болмай қалған. Сөйтіп ол дәрігерге қаралады. Алайда дәрігерлер қойған диагноз қыздың болашағына балта шауып отыр. Мәдинаның басынан қатерлі ісік табылған.
Сол кезден бастап журналист ем қабылдай бастайды. Нақтырақ айтсақ, ол радиациялық терапияның 24 курсынан өтті. Одан қала берді, бес химиятерапиядан және отада жасалды.
Осы ем-домнан соң Мәдина өзін бірақ жақсы сезініп қалған еді. Тіпті тұрмысқа шығып, дәрігерлердің қарсылығына қарамастан бір баланы дүниеге әкелді.
Өкініштісі сол, жас ананың басындағы ісік қайта пайда болған.
Мәдина дертпен қанша күрескенімен, қатерлі дерт одан күштірек келді. Ол кеше көз жұмды. Жасы 29-да болатын, артында сүйікті жары мен бір баласы қалды.
Өмірінің ең қиын сәттерінде сүйіктісі Қайрат Жүнелбаев қолдау көрсетіп, қасында табылып, тастамады. Жерлеу рәсімі 6 қыркүйек күні өтеді.
Neonomad.kz редакциясы әріптесіміз Мәдинаның туыстарына қайғырп көңіл айтады.