Қарағандыда денесі темір контейнерден табылған жас келіншектің өзімен бірге 5 млн теңгесі болған екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
29 қарашада жоғалып кеткен жас келіншектің денесі темір жәшіктен табылды. Туыстарының сөзінше, 38 жастағы әйелдің қолында бес миллион теңге болған.
Телеарнаның мәліметінше, Жанар Бөлегенова алаяқтардың қармағына түскен. Өйткені ол бір қаржылық жүйеге ақша салып, аз уақыт ішінде пайызымен қайтарып алып тұрған. Бірнеше рет пайдаға кенелген соң, туған-туыстардан қарызданып жүріп 5 миллион теңге жинап алыпты.
Сөйтіп қомақты қаражатты ер адамға апарып береді. Күдікті әйелді буындырып өлтіріп, мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастапты.
Еске сала кетейік, марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Толығырақ оқыңыз.