Қытайда кеңінен таралған жаңа короновирустың құрбандарының саны 54 адамға жетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Хубэй атты ауданда тағы 13 адам көз жұмып, 323 адам вирус жұқтырды. Осы уақытқа дейін 41 адамның көз жұмып, 1 372 жанның жұқтырғаны туралы айтылды.
Белгісіз пневманияның өршігені туралы хабар 31 желтоқсанда таралды. Оның өршуіне короновирустың 2019-nCoV атты жаңа типінің пайда болуы себепші болған.
Алғаш вирус теңіз тағамдарын жеген адамның денесінен табылған. Яғни ол қытайлықтар көп тұтынатын жыланнан жұққан болуы мүмкін деген болжам бар. Артынша вирустың адамнан адамға таралып жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, бұл вирусты Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия, Малайзия және Канадағылардың жұқтырғаны анықталды.