49 журналист кәсіби міндеттерін орындай кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.
«Шекарасыз репортерлер» ұйымы жылдық есебін мәлімдеді. Белгілі болғандай, қаламы ұшқыр маман иелерінің өлімі Мексика мен Сирияда жиі тіркелген. Бұған дейін тамыз айында Мексика мемлекеті БАҚ өкілдері үшін ең қауіпті ел деп жарияланған еді.
Мамандықтың қауіпті болғанына қарамастан, бұл сан соңғы 16 жылдағы ең төмен көрсеткіш екен. Өткен жылдың өзінде кәсіби міндетін атқару кезінде 80 БАҚ қызметкері қаза тапты. Сондай-ақ, ұйымның ақпарына сәйкес, әлем бойынша 389 журналист темір торда отыр. Ал 57 тілші кепілдікке алынған екен.