Сәрсенбі, Сәуір 21, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады

Қараша 26, 2020
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Журналист қазақстандықтарды шетелден үй алуға үгіттеп жүрген әншілерді жауапқа тартуды сұрады
Поделиться на Facebook

Қазақстандық журналист Мөлдір Жанбаева миллиондаған халықты аузына қаратып, еш ойланбастан жарнаманың соңына түсіп кеткен әншілерді сынады. Карантин кезінде тойсыз қалған өнер адамдары блогерге айналып күн көріп жатқаны бәріне түсінікті.

Бірақ, журналистің сөзінше олар шектен шықты. Себебі, әншілер қазір жұртты Қазақстаннан тыс жерлерде әдемі өмір барын видео арқылы көрсетіп, елді шетелден баспана алып, сонда өмір сүріп көруге шақыратын болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстандықтарды ешқашан тыңдамадым». Жорабаеваның жолдасы оның әнші екенін білмеген

Қазақ әншілерге есірткі тасыдым деген қыз 3,5 жылға сотталып кетті

“Басқа мемлекетке көшіп кете ме, айға ұшып кете ме, бұл – әркімнің өз қалауы. Жағдайы жетіп тұрса, 20 мемлекеттен баспана алып қойсын. Бірақ, инстаграмына 3-4 млн оқырманды жинап ап, сол​ жақтағы баспаналарды қуыс-қуысына дейін мақтауын асырып жарнамалаулары – маған ұнамайды. ЖК бағаларын Қазақстанмен салыстырып, әлдеқайда арзан тұратынын, тамақтың бағасы да қолжетімді екенін насихаттайды. «Бүкіл қазақ көшіп келсін демейміз. Бірақ, осы жақтан да бір «Қазақ ауылын» жасақтасақ, несі жаман?» деп қойып жібереді дейсің.

Тіпті «көшу» туралы онлайн сабақтар өте бастады. Сол мемлекетпен сауда үйрену мәсілесіне қарсылығым жоқ, тіпті қуанар едім. Бірақ, «Қоныс аудару» деген тақырыпшамен сабақ ұйымдастыру қаншалықты дұрыс? Ал, ол постың астындағы «Мен көшкім келеді. Бұйыртса аз қалды, мен де кетем. Көшу үшін неден бастасақ болады?» ​ деген коменттерді оқып, жаным ауырды.

Меніңше, елден кеткен адамның ​ (әсіресе әлеу.желіде оқырманы көп ) инстаграмы ​ 2-3 айдан кейін бұғатталуы керек н/е Қазақстан аумағына оқылмайтындай шектеу жасау керек. Әйтпесе, әлемнің кез келген елінде жатып ап, инстаграм жарнамаларымен айналысып, ГИВ ұйымдастырып күн-көрістің қиыншылығын бәрібір сезінбейді. Есесіне, қарапайым халықтың санасын бұзуға қарқынды үлес қоса береді.

Сол жақтағы жайлы өмірді, ыңғайлы тұрмысты айта беріп, онсыз да жүйкесі жұқарған халықтың ойын бұзуға қарсымын! «Мәңгіге кетіп қалуды емес, ​ уақытша тұрып келуді айтып отырмыз» деп ақталғандар да бар. Ал, сол уақытша кеткен адам болашақта қайтқысы келмей қалмасына кім кепіл?!

Бір танымалдау кісіні инстаграмнан бақылайтынмын. Шетелге шыққан сайын, қайтатын кезінде “Ребят, я так не хочу возвращаться а Казакстан” деп мұңайған стористер жиі салатын. Қазақстанды ұнатпасын, бірақ оны әлеуметтік желі арқылы айта беру маған ауыр тиеді, мысалы. Ал оны қаншама жастар көріп отыр.

Және сұлулық әлемінде істейтін бір қыз жұмыспен шетелге кетті. Бір күні тікелей эфирде отыр екен, кіре салдым. “Ойй, я тоже туда хочу. Не хочу работать в КЗ” деген коменттер кетіп жатыр. Сөйтсе әлгі қыз: “Конечно, не надо там оставаться, надо сваливать из КЗ” дееп отыр. Естіп, жыным келді. Содан, карантин басталып кетіп, бірнеше ай жұмыссыз жатты қамалып.

Туылған ұл-қызымызға шетелдіктер айтуға ыңғайлы болатындай есім береміз. Жастайынан “Шетелде оқытып, шетелде тұрасың” деп санасына сіңіреміз. Елдің болашағына күдікпен қараймыз. Бірақ, өзімізден өзгеріске деген қадам жоқ! 

Онсыз да аз халықпыз. Мынадай жарнамалау жалғаса берсе, елде ешкім қалмайды ау. Енді, қарқынды саяхат жүріп жатыр. Не оған шектеу қойып жатқан ешкім жоқ! Басқа жақтағы жайлы өмірді аңсай бергенше, сол өзгерісті өзімізде жасауға неге талпынбаймыз? Ата-бабамыз кең байтақ жерімізді қиын кезең бола қалса, тастап кетіп қалу үшін қорғамаған шығар?! Саналы болайықшы, барлық жағынан!”,- деп жазды журналист Мөлдір Жанбаева желідегі парақшасында.

Бұған дейін әнші Қарақат пен Қыдырәлі Болманов және Алтынай Жорабаева Түркияның Алания қаласынан үй алғандары жайлы видео материалды желідегі парақшаларына жүктеген еді. Әншілер сол қаладағы жайлы өмір туралы кеңінен баяндап, үй алғысы келетіндерге агенттік номерін таратып жатыр.

Тегтер: Алтынай ЖорабаеваҚарақат ӘбілдинаҚыдырәлі БолмановТүркия
БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Перзентханада ауысып кеткен: Павлодар облысының екі тұрғыны 35 жылдан соң таңғаларлық шындықты естіді

Келесі жаңалық

Павлодарлық шенеунік қызметтен қуылды: Тұрғынды жындыханаға жатқызбақшы болған

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
996
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
950
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
64
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
461
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Павлодарлық шенеунік қызметтен қуылды: Тұрғынды жындыханаға жатқызбақшы болған

Павлодарлық шенеунік қызметтен қуылды: Тұрғынды жындыханаға жатқызбақшы болған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.4k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
996
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
950

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
139

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
64
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.