Жамбыл облысында «Камаз» 4 адамды қағып кетті, салдарынан үшеуі көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасын сілтеме жасап.
Қайғылы жол-көлік оқиғасы Батыс Еуропа – Батыс Қытай күре жолында орын алды.
Белгілі болғандай, адамдарды қағып өткен «Камаз» Алматыға бара жатқан екен. Сол кезде жол бойында аялдаған техниканың маңында 4 адам тұрған. Екпінмен келген жүк көлігі Газелмен қоса адамдарды қағып өткен. Сөйтіп екі машина жол жиегіне аударылған.
Апаттан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Ал жарақат алған төртіншісі емдеу мекемесіне жеткізілген.
«Камаздың» жүргізушісі аман.
Апатқа ұшыраған Газель жол зертхана мекемесіне тиесілі екені анықталды. Қазір Жамбыл облысында болған қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.