Мексикада сөзінде тұрмайтын әкім ерекше жолмен жазаланды. Тұрғындар оны көлікке байлап, көше бойымен сүйреді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Мексиканың Чьяпас штатында орын алды. Лас Маргаритас ауданының басшысы Хорхе Эскандон сөзінде тұрмағаны үшін ұятқа қалды. Сол қаланың тұрғындары әкімді жол таңдамайтын көліктің үстіне байлап, көше бойымен сүйреді. Бұл туралы life.ru El Universal газетіне сілтеме жасап жазды.
Әкімнің қоластындағылар наразы жұртты тотатуға асықпаған сыңайлы. Өйткені олардың өзі Эскандонның жұмысына көңілі толмаған.
Басылымның жазуынша, әкім жергілікті халыққа «жол салып беремін» деп уәдені үйіп-төккенмен, оны орындамаған. Көпшілік өз өтінішін аяқ-асты етіп, жылдар бойы өтірік уәде беріп келген әкімге ашулы.
Осы оқиғаға байланысты қақтығыс салдарынан кем дегенде 11 адам жараланып, тағы 30 шақты шаруа қамауға алынды. Әкімшілік басшысына сырттан қажетті көмек келді.
#CirculaEnRedes ?
Por no cumplir,con las obras solicitadas, pobladores del ejido Santa Rita del municipio de Las Margaritas, #Chiapas, amarran y arrastran al presidente municipal Jorge Luis Escandón Hernández. pic.twitter.com/FbhN1eYBzn— TABASCO HOY (@TabascoHOY) October 9, 2019