29 қарашада із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі @patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.
«3 желтоқсанға қараған түні темір контейнердің ішінен Жанар Бүлегенованың өлі денесі табылды. Ол 29 қарашада жоғалып кеткен болатын. Алайда үш күн өткен соң ғана оның жоғалғаны туралы шағым түсіп, бірінші желтоқсан күні іздеу жұмыстары басталған. Оның екі баласы жетім қалды», – делінеді хабарламада.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы күдікті ұсталды.
«ҚК 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойнына алды», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.