Жоғалып кеткен альпинистерді іздестіру жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференцияда Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Жоғалып кеткен альпинистердің табылмағаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, 19 тамызда Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтің туыстары алматылық альпинистердің Тянь-Шань тауындағы қар астында қалғанын айтқан болатын.
Қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығы мен қажетті жабдықтардың жоқтығынан лагерьге түсе алмаған.
Альпинизм федерациясының мәліметінше, жоғалғандарды, өкінішке орай, тірі табу мүмкін емес.
Іздестіру жұмыстарына әскерилер жұмылдырылып, олар Жеңіс шыңын 14 рет айнала ұшып өткен болатын.