«Слуги народа» партиясының депутаты ұятқа қалды. Ол дауыс беру кезінде қыздермен хат алмасып отырған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Депутат Богдан Яременко Жоғарғы Рада жұмысы кезінде онлайн-желі арқылы Алина есімді 32 жастағы әйелдің анкетасын оқып отырған, онда былай деп жазылған: секс, кездесу, романтикалық кездесу. Сондай-ақ, қыз бала қарым-қатынасқа қызықпайтынын жазған.
Кейін Яременко осы қызбен жазыса бастайды, бәлкім басқасы болуы да мүмкін. Қыз кездесудің талабын қояды: «Сағаты – 100 доллар. Екі сағат – 150. Түнге қалмаймын. Қатты қаласаңыз, оны да ұйымдастыруға болады».
«Букв» басылымы видео жариялады. Онда халық қалайлысы Tinder танысу желісі арлықы 18 жастағы қызбен хат алмасып отырғаны көрсетілген.
Депутат одан айына қанша қаражат керек деп сұраған, ал басқа бір қызға үйленгенін және «саясатта жаңа адам екенін жазған», деп жазады басылым.
Жоғарғы Раданың сыртқы саясат және парламентаралық одақтастық мәселелері жөніндегі комитет төрағасы болып келетін депутат бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, журналистер халық қалаулысын құрыққа түсірмек болған.
«Фракциядағы бірнеше әріптесім телефон «аңду» құрбаны болған соң, біз осындай шара қолданып, журналистердің біздің телефондарды қалай қарайтынын тексердік. Осындай сигнал алғаннан кейін, мен әдейі ойдан құрастырылған хат алмасуды фото және видеоға түсіруге жол бердім», – деді ол.
Алайда біраз уақыттан соң депутат «барлығының алдында кешірім сұрайтынын» айтты.