Қария қырық жыл отасқан кеміпірін тастап, жас қызбен көңіл қосты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұдтанда тұратын емші әрі көріпкел қасиетімен ерекшеленетін Нұрилә апайдың сөзінше, өткен жылы жасы жетпіске келген әжей көмек сұрапты. Белгілі болғандай, қырық жыл отасқан қариясы жас қызға кетіп қалған. Соны жанұясына қайтарудың жолын іздеген әжей көріпкелдің алдына келген.
«Мен дуалау дегенді білмеймін. Көбі құмалақ ашу, емшілікті дуалаумен шатастырады. Бірақ ішке жын кіргендерді кәлимасына келтіре аламын. Былтыр жасы егде тартқан бір әже келді.
Айтсам ұят, бірақ шалы отбасын тастап, жас қызға кетіп қалған екен. Қазақта «жас қыздың иісін аңсаған» деген сөз бар. Бұл кісіде де тура солай болған. Жыламаңыз деген кеңес айтып, апаны тәубесіне келтіріп, шалынан теріс айналуды сұрадым.
Біреудің көз жасына қалған адамның соңы жақсылыққа апармайды. Ол кісіні де сондай тағдыр күтіп тұрып еді. Әрине біреудің өміріне араласа алмаймыз, бірақ құмалақ не көрсетеді, соны айтуға парызбыз», – дейді тәуіп әже.