Түркістан облысында екі мектеп оқушысы жанжалдасып қалып, бірі құрдасының басына пышақ сұққан. Полиция тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аталған факт Жетісай аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басылымның мәліметінше, оқиға Жетісай ауылында орын алды.
Екі мектептің оқушыларының арасында жанжал шығып, оныншы сыныптың оқушысы құрдасының басына пышақ сұғып алған.
Зардап шеккен жасөспірім ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оның басындағы пышақ жарақаты шамамен 7 см құраған. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысып жатыр.