Спортшы Ермахан Ибраимовтың айтуынша, алдағы уақытта тек жесір әйелді тоқал етіп алуы мүмкін. Ол мұндай тек нағыз ер азаматтың қолынан келетінін айтады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап.
Бүгінде боксшының 8 ұлы мен 2 қызы бар. Алайда олардың барлығы бір әйелден емес.
«Менің екі жұбайым бар. Үлкен Бибігүл есімді жұбайым ұлымызбен бірге Америкада тұрып жатыр. Ал екіншісі Айжан Ибраимова Алматы қаласында тұрады», – дейді ол.
Мұнымен қатар, боксшы тоқалды сұлулық үшін емес, сауапты іс жасау үшін ғана алатынын айтты.
«Қартайып тұрған жоқпыз. Әйелдерім болмаса, неге алмасқа? Бірақ сұлу келіншек көрсе, соңына жүгіріп, оны алып, кейін бала тудыру – әркімнің қолынан келеді. Осы тұста «Жесір қалған әйелді оның балаларымен бірге қабылдап алуға дайынсыз ба?» деген сұрақ туындайды. Мүмкін сондай әйелдер бар шығар. Егер мен осындай әйелдерді бауырыма басатын болсам – нағыз сауапты, еркектік іс осы болады. Мен сондайға баруым мүмкін», – деді ол.
Бұдан өзге ол балаларының да өзі секілді көпбалалы отбасында тәрбиеленгенін қалайтынын айтты.