Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Жерді сыйға бердік» дегені үшін: Қазақстан Ресейге нота жіберді

Желтоқсан 14, 2020
Саясат, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Жерді сыйға бердік» дегені үшін: Қазақстан Ресейге нота жіберді

Фото: https://regnum.ru/

Поделиться на Facebook

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никоновтың сөзіне қарсы нота жолдады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Первый канал» телеарнасындағы «Большая игра» бағдарламасында сөйлеген Ресей парламентінің білім және ғылым комитетінің жетекшісі Никонов «Қазақстан аумағы – Ресейдің берген үлкен сыйы» деп мәлімдеген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының уақытшасенімді өкілі Александр Комаров шақыртылып, нота тапсырылған. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов оған Никоновтың Қазақстанның жері туралы сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді деп хабарлайды министрлік.

«Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді. СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтеді және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады» деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.

Ресей депутатының Қазақстан жері туралы сөзіне байланысты Қазақстан парламенті сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеме жасады.

«Бұл не: надандықтың айбаты ма, саяси инфантилизм бе, әлде екі халық пен мемлекет арасына сына қағуды көздейтін қасақана әрекет пе?» деп сауал тастаған Құл-Мұхаммед қазіргі Қазақстан аумағын қазіргі қазақтардың ата-бабасы ерте заманнан мекен еткенін еске салған.

«Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы осы далада біздің тікелей бабаларымыз – сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар мен қазақтар құрған мемлекеттер бірін-бірі алмастырып отырды» дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ол бүгінгі Қазақстан аумағы орта ғасырдағы әйгілі Алтын Орда, Қазақ хандығының жері екенін атап өткен. «Алтын Орда ыдырағаннан кейін 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды. Оның 550-жылдығын 2015 жылы Қазақстан мемлекеттік деңгейде атап өтті. Міне, дәл осы хандық Ресеймен достық қарым-қатынас орнатқан. Бұл туралы ресейлік ғалымдар жан-жақты зерттеулер жасаған» дейді Құл-Мұхаммед.

Ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың сөзі қазақстандықтарды да бей-жай қалдырмады. Жүздеген адам депутаттың Instagram-дағы парақшасында пікір қалдырды.

Кейін депутат Вячеслав Никонов Қазақстан халқына «ыстық ықылас» білдіретінін айтты.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Мақсат Толықбай: Митингіге Ринатпен 3 мың адам жинағаным үшін қудаланып, 31 арнадан кеттім

Келесі жаңалық

Сәкен Майғазиев: Қазақтың дұшпаны — немересін орысша шүлдірлеткен қариялар

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
70
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Сәкен Майғазиев: Қазақтың дұшпаны — немересін орысша шүлдірлеткен қариялар

Сәкен Майғазиев: Қазақтың дұшпаны — немересін орысша шүлдірлеткен қариялар

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
677

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
13

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
70

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
109

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.