Ақтауда 15 жасқа енді толған жастардың тойынан видео жарияланды, деп хабарлады Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда Рахмендулла және Әсем есімді жасөспірімдер отау құрды. Екеуі де 2004 жылы туғандар, қазір колледжде оқиды.
«Мұның алдында да ұзақ сөйлестік, былтыр қазанда достарымыздың туған күн кешінде таныстық, кейін 3-4 ай кездестік. Мені көру үшін ол ауылынан келіп тұратын. Осыдан кейін мені алып қашып кетті. Алып қашатынын білмедім. Артымнан қуғыншылар келгенде, әрине, ата-анам алғашында қарсы болды. Бірақ «қайтып келген қыз жаман» дегендіктен және бір-бірімізді сүйгендіктен сол үйде қаламын деп ұйғардым», – деді Әсем.
Жастардың айтуынша, олар некесін әзірге мешітке барып мұсылманша қидырған, ал ресми түрде 18 жасқа толғанда ғана тіркелетінін айтады.
