Колумбияда ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ апаты Колумбияның Попаян қаласында орын алды. Ұшақтың бортында екі ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Олар Попаян әуежайынан Лопес-де-Микай қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген бетте құлаған.
Апат салдыранын 7 адам көз жұмып, тірі қалған екі адам ауруханаға жеткізілген.
Ұшақ қаланың оңтүстік батысындағы үйлердің бірінің үстіне құлаған. Сол үйдің екі тұрғыны ауыр жарақат алған, жағдайы мүшкіл. Зардап шеккендердің арасында, он жастағы бала да бар, оның жағдайы тұрақты.