Қызметінен қуылған имам енді Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағымдануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Neonomad.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Қызметінен қуылған имамның есімі Ахмет Тюзер, ол Анталья провинциясындағы Каш қаласы мешітінің имамы болған.
Түркия билігі оны мемлекеттік қызметке жарамсыз деп, жұмыстан шығарған. Себебі, дейді Ахмет Тюзер, ол «FiRock» рок-тобын құрған. Антальяның әкімшілік соты оған қызметіне қайта кірісуге рұқсат бермей отыр.
«Антальяның әкімшілік соты жұмысыма қайта кірісуіме рұқсат бермеуі мені қатты қынжылтты. Алдағы уақытта Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа шағымдануды жоспарлап отырмын», -дейді Ахмет.
Ал мынау бұрынғы имамның орындауындағы ән: