Ресейдің Саратов қаласында 23 жастағы қыз өзіне ескерту жасаған ер азаматты өлтірді деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz облыстық Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні болған. Облыстық Тергеу комитетінің ақпаратынша, Саратов қаласы Серов көшесінде орналасқан тәулік бойы жұмыс жасайтын дүкенге бір топ қыз келеді. Олардың бірі жерге темекі қорабын тастаған. Оны көрген 27 жастағы жігіт қоқысты көтеруін сұрап, қызға ескерту жасайды.
Ескертуден соң жігіт пен қыз сөзге келіп қалады. Намысына тиетін сөздерді естіген жігіт қыздың үстіне сыра құйып жібереді. Даудың арты көшедегі жанжалға ұласып, қыздар ер азаматты соққыға алады. Сол кезде қыздардың бірі жігіттің арқасына пышақ тығады.
Алған жарақаттан жігіт ауруханада көз жұмған. Арқасына сұғылған пышақ өкпесіне зақым келтіріпті.
Күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізуліде.