Гвинея елінің тұрғыны экзамен кезінде босанып қалды. Кейін жас ана араға жарты сағат салып экзаменге қайта оралды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
18 жастағы мектеп оқушысы Фатума Курума Кондэ экзаменге келе жатқан жолда толғағының басталғанын сезеді. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде небәрі 10 минут ішінде баласын босанады. Туыстары оның араға жарты сағат салып аудиторияға оралғанына қатты таңғалған.
Бойжеткен көпке дейін өзінің айы-күні жақындап қалғанын жақындарынан жасырып келген.
«Бакалавриатқа түсу үшін арналған экзаменге бір жыл бойы дайындалдым. Оқуға түспей қалатынымды көз алдыма елестете алмаймын», – дейді жас ана.
Жұртты таңғалдырған бұл оқиғаны экзамен тапсыру орталығының жетекшісі Мохамед Диаките де растады.