Жапониялық миллиардер Юсаку Маэдзава өзінің Twitter парақшасында 9 млн долларды үлестіріп беретінін жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкер осылай әлеуметтік эксперимент жасап көрмекші екенін айтты.
«Өз күшімен ақша таба алмай жүрген адамға көмек қолын созып, оған үлкен көлемде қаражат табыстаса, расымен де, өмірі өзгере ме?» – деп жазды ол парақшасына.
Миллиардер 1000 оқырманына 1 млн иен табыстайтынын жеткізді. Ал бұл дегеніңіз шамамен 9 млн доллар. Айтуынша, азаматтар кездейсоқ таңдалады. Сондай-ақ, бұл ақшаның өмірін қаншалықты өзгертетіні тексерілетін болады.
Осы уақытқа дейін жапониялық Zozo киім дүкенін ашқан кәсіпкер 100 адамға 100 миллион йен (900 мың доллар) үйлестіріп берген. Оның жазбасы Twitter-дегі ең көп оқылғандардың бірі болған.