Facebook желісінде әйелге «фак» көрсеткен ер адамның видеосы жарияланды. Автордың сөзінше, ер адам полиция қызметкері, есімі Бауыржан.
«Бүкіл Қазақстан бір видеода! Біз үнсіз отырғанда, жүйе бізді аяқасты етуде. Мынадай менттермен аяқасты етіп жатыр. Бейнеде көріп тұрған ер адамның аты Бауыржан, ол барлығын жоғалтты. Өзін, құндылығын, адамгершілігін жоғалтты. Дәл осы азаматтың тыңшылығымен және видеоларымен белсенділерді темір тордың арғы жағына жіберіп жатыр. Белсенділерге негізсіз айыппұл салуда. Олар ел үшін, шындық үшін, жер үшін шырылдап жүр. Ал Бауыржанды болса бұл қызықтырмайды. Өйткені бәрібір тозаққа түсетінін біледі», – дейді видеоның авторы.