Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Жанат Бақыт: Күйеуім алып қашарда мас едім, содан кейін шарап ішпейтін болдым

Желтоқсан 17, 2020
Шоу-бизнес, Қазақстан, Қоғам
Жанат Бақыт: Күйеуім алып қашарда мас едім, содан кейін шарап ішпейтін болдым
Поделиться на Facebook

Қазақстандық тележүргізуші Жанат Бақыт жолдасы мен тұрмыс құрған шағын көпке айтып берді. Жеке өмірі жайлы ашық айта бермейтін ол өзін 8 жыл күткен жолдасы жайлы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Күйеуіммен 16 жасымда танысқанымды жазған едім, бірден кесіп айтқанмын сол кезде “Мектеп бітіремін. Оқу бітіремін. Сосын барып тұрмысқа шығамын. Күтсең күт. Күтпесең… өзің біл” деп. Обалы не керек, күтті. 8 жыл күтем деп шаш та қалмады өзі. 2006 жылы туған күнімді атап өттім. Кешке жігітім бауырлары, достарымен, ал мен құрбыларыммен келдім. Ол кезде 22 жастамын. Кім екені есте жоқ, сол отырысқа бірі таза француз шарабын алып келіпті. Қызды-қыздымен ана қымбат шарапты бөліп ішіп алдық. Биледік, жақсы тілектер айтылды.

Тарқасатын кез жетіп қалды. Ал тамаша көңіл-күйде отырған жастарға әрі той керек, мәә, содан келіп жігітіме тиісіп, намысына тие бастады. “Бақандай 7 жыл болды жүргендеріңе. Еркек болсаң баяғыда алып қашатын едің ғой. Қашанғы жүре бересің? Бүгін сол күн дәл келіп тұр. Жанатты алып қашайық, ата-анасы ренжімейді, сені таниды, одан кейінің не, қазірің не” деп желпіндірген сайын болашақ күйеуім “Қолымнан келмейді дейсің бе? Алып қашам” деп шықты”, – деп жазды Жанат Бақыт.

Бұл сәтте тілі күрмеліп, шарап әсерінен сөйлей алмайтын күйде екен. Алайда алып қашу операциясы сәтсіз аяқталып, ол күні келін атанбағанына қуанады.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

“Бәрі дауылдап, туысқандарына дайындалыңдар деп хабарлап қойды. Ойбу, қалжың емес, істің насырға шауып бара жатқанын түсіндім. “Әй, қойыңдар, қырқына шыдағанда немене, біріне шыдамадыңдар ма? Ата-анамның алдынан өтіп, бір кетем, олар қарсы болмайды. 7 жылдан бері онсыз да Ершатқа үйреніп сеніп қалған. Сонша жүргенде қашып кеткенім ұят емес пе?” дейін десем… тілім бұралып сөйлей алмаймын. Ана шарап тілден байлайды екен. Мс Сайлаубек болдым да қалдым”, – деді тележүргізуші. 

Ақыры өзінің оң босағадан ұзатылғанын алға тартты. Өзінің сол кештен соң шарап ішпейтінін айтып өтті.

“Сағатқа қарасам, түнгі 3. Үйдегілер расында Ершатқа сеніп алған, уайымдап іздемейді. Оның үстіне үп-үлкен қызбын. Енді болашағымды ойладым. Тәәәк! Мына күйіммен алып қашса, ертең қайынжұртым, абысындарым: “Шарап сасып келген келін бұл. Өзінің тілі бұралып сөйлей алмады” дейтіні анық қой? Абыройымды ойлап, бұралған тіліме ашуланғаннан бақырып жыладым отырып. Бірі ана алып қашу операциясына кіріп кеткен, “Жылама, әлі бақытты боп кетесің” деп жұбату айтып отыр.

Жанна есімді ақтөбелік құрбым болған, әзіл, анау-мынауды дұрыс түсінбейтін. Менің жылағанымды көріп шошып кетті. “Ей, оңбағандар! Не жылатып отырсыңдар мына қызды? Алып қашпайсыңдар! Айттым бітті!” деп орнынан атып тұрды. “Сен кімсің өзі? Біз үшін шешетін! Алып қашады дедім саған!” деп жігітімнің інісі Төлеген (марқұм, жақсы жігіт еді, жатқан жері жайлы болсын) “қошанша” атып тұрды.

Жанна ашуланып Төлегенге вилка лақтырды. Жігіт қайта бұғып қалды. Одан Төлеген де қалмай лақтырды вилканы. Тиді ме, тимеді ме, білмеймін, бірақ ырбию аяқталып, ол кезде бәріміз дастарханның астына тығылып қалғанбыз. Жан-жаққа бәрі қашты.  Осы екеуіне рахмет. Алып қашу операциясы осымен сәтсіз аяқталып, үйіме зыттым. 1 жылдан кейін құда түсіп, ұзату той жасап,  адам сияқты кеттім. Бүгін анама осы оқиғаны айтып күліп алдық. Ее, қайран жастық шақ! Айтпақшы, содан кейін шарап ішпеймін”, – деп жазды тележүргізуші. 

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Жүрсін Ерман: Балғынбекті діни секталар үй, ақша беріп теріс жолға салды

Келесі жаңалық

Қарағандылық келіншек күйеуі туралы: Жүкті кезімде де шашымнан сүйреп, қабырғаға соғатын

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Қарағандылық келіншек күйеуі туралы: Жүкті кезімде де шашымнан сүйреп, қабырғаға соғатын

Қарағандылық келіншек күйеуі туралы: Жүкті кезімде де шашымнан сүйреп, қабырғаға соғатын

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
324
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
240

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
15

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
10

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
388

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
141

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
13
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.