Жамбыл облысында танысының кәмелетке толмаған қызын зорлады деген күдікке ілінген ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
17 қазанда 39 жастағы Тараз тұрғыны танысы өз қызына сексуалдық зорлық көрсеткенін айтып, шағымданған. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция басшысы Арман Оразалиев хабарлаған болатын.
Бұдан бөлек күдіктінің теледидар ұрлағаны белгілі.
21 қазан күні тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 36 жастағы азамат Таразға жеткізілді. Енді тиісті тергеу жұмыстары жүргізілмек.