«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық Тұрар Рысқұлов аудандық сайлау штабының үгіт-насихат жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Оған бүгін өткен «Есіктен есікке» акциясы дәлел, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Рысқұлов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мереке Айнакулов, Мұратжан Мейманханов және Эльмира Закимбаева «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындарды аралады. Бірінші жоғары буын өкілдерінен бастап, оларды алда күтіп тұрған оң өзгерістерден хабардар етті.
Осылайша депутаттыққа үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіре отырып, аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысына тоқталды.
Партия жоспарына сәйкес, басымдық алдымен әлеуметтік мәселелерге берілмек. Өз кезегінде тұрғындар үгіт-насихат жұмыстары барысында өздерін мазалаған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алып, аудан болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті.
Акция соңында үміткерлер сайлаушылардың жақсы тілектеріне ризашылықтарын білдірді.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.