Ақтөбе облысында жалақысын негізсіз өсіріп отырған шенеунік ұсталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ақтөбе облысы бойынша сот әкімшісі» РМБ қаржы бөлімінің басшысы күдікке алынды. Себебі Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті тексеріс жүргізді.
«Ол жалақысын негізсіз өсіре отырып, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Кінәсін мойындағандықтан, күдіктінің қорғаушысының кепіл етуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары қысқа уақыт ішінде аяқталып, оған тергеу кезінде қамауға алу шарасы қолданылған жоқ.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.