Бейсенбі, Наурыз 4, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қоғам, Өмір
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Поделиться на Facebook

Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты. «СНПС-Ақтөбемұнай газ» компаниясына қарасты «КМК Мұнай» мекемесінің жүзге жуық жұмысшысы президенттен көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Мұнайшылар жалақыны 100 пайызға өсіруді сұрап, жұмысты тоқтатқандарын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылы іргесінде орналасқан «КМК Мұнай» мекемесінің алдына бүгін жүзге тарта жұмысшы жиналды. Басты талаптары – жұмысшыға жағдай жасау, жалақы көтеру. Мұнайшылар президенттен мұнай өндірумен айналысатын ірі компанияға тексеріс жүргізуді талап етті. «Қазақстан Республикасының президенті, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Ақтөбе облысы Темір ауданында орналасқан «КМК Мұнай» компаниясының қатардағы қарапайым жұмысшыларымыз. Біз сізге бұл видеоүндеуді жолдау себебіміз – адал еңбекақымызды 100 пайызға өсіріп беруіңізді сұраймыз.

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

12 қаңтарда «КМК Мұнай» басшыларына, облыс басшыларына жалақымызды көтеру жайлы хат жолдадық. Біздің талабымызды орындағылары келмей отыр. Себеп жоғын алға тартады. Себеп бар. Біздің компания Ақтөбе облысындағы ең озық, беделді компаниялардың бірі. Мұнай өндіруден жыл сайынғы жоспарды асыра орындап келеміз. Ал жұмысшылардың жалақысы басқа мұнай компанияларымен салыстырғанда өте аз. Пандемия уақытында азық-түлік, коммуналдық қызметтер бірнеше есе қымбаттап кетті. Айлығымыз несиемізді жабуға немесе азық-түлік алудан артылмай отыр. Өзіңіз білесіз, Ақтөбе облысының мұнайшылары ең төменгі жалақы алады. Біздің жалақымыз мұғалімдер, дәрігерлер мен зейнеркерлерден де төмен. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз, біздің компанияға тексеріс жіберуіңізді талап етеміз», – деген мұнайшылар 25 қаңтардан бастап жұмысқа шықпайтындарын айтқан.

Облыс әкімдігі «КМК Мұнай» жұмысшыларының ұжымдық үндеуіне қатысты комиссия құрылғанын хабарлайды. «Ақтөбе облысының әкімі​ Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бақбергеновтің төрағалығымен комиссия құрылды. Комиссия құрамында еңбек инспекциясы, индустриялық-инновациялық​ ​ даму​ басқармаларының​ басшылары, Темір ауданы (кен орны Темір ауданында орналасқан – ред.) әкімдігінің өкілдері мен аудан прокурорлары​ бар. Қазіргі таңда «КМК Мұнай» АҚ жұмысшыларымен ұжымдық арызда көрсетілген талаптарды түсіндіру бойынша кездесу өтуде. Кездесудің нәтижесі қосымша хабарланатын болады», – деп хабарлайды облыс әкімдігі. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1895532-zalakymyz-zejnetkerden-tmen-aktbede-mnajsylar-narazylykka-sykty/?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Келесі жаңалық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

ҰқсасЖаңалықтар

Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Басты жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109
Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді
Әлем

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6
Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды
Қазақстан

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3
«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды
Қазақстан

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1
АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды
Әлем

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1
Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды
Басты жаңалықтар

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

"Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
505
Жасөспірім қыз өзін туған әкесі зорлап келгенін айтып шағымданды
Басты жаңалықтар

Балқашта полицей 14 жасар қызды асқан айуандықпен зорлап тастады

Наурыз 4, 2021
289
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
559
Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
205

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда ер адам бастығынан тірі анасын «жерлеуге» ақша сұраған

Наурыз 4, 2021
109

Үндістанда екі басты дені сау бала өмірге келді

Наурыз 4, 2021
6

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Наурыз 4, 2021
3

«Банктерден қаржы жымқыру ісі»: Тілеубаев пен Ертаев 9 жылға сотталды

Наурыз 4, 2021
1

АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Қытай басты қарсылас ретінде аталды

Наурыз 4, 2021
1

Ақмола облысында екі шахтер тас астында қалып қойды

Наурыз 4, 2021
1
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.