2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% өседі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы аясында кеңейтілген отырыс өтіп, оған білім және ғылым министрі қатысты.
«Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердің жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз», – деді өз сөзінде А. Аймағамбетов.
Министрдің сөзінше, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.
Мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Жалпы Заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер ететінін атап өткен жөн.