Жаңа туған сәбиін зиратқа тастап кеткен әйел жазаланбайтын болды. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Басылымның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 5 наурызында зират аумағынада жаңа туылған сәби табылған. Оны ойнап жүрген балалар көріпті. Алайда сәбиді бұралқы иттер мүжіп тастаған.
Кейін полиция әйелді қолға түсірді. Ол жүктілігінің 36-шы аптасында босанып, зират аумағында қалдырып кеткен. Табылған нәрестеге қатысы барын жоққа шығарғысы келген әйел сараптамадан өтіп, кейін ДНҚ нәтижесі оның анасы екенін көрсетті.
Бірақ әйел жазадан құтылып кетті. Полицияның ақпаратынша, баланың ішкі мүшелерін иттер жеп қойғандықтан, оның өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.
Осыған байланысты бұл іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы «Іс бойынша өндіріс қозғалмайтын жағдайлар» негізінде тоқтатылды.