Сенбі, Ақпан 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Жаңа оппозиция, Қосанов және биліктің идеологиясы: Бэлла Орынбетованың сұқбатында

Шілде 11, 2019
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Пікір, Саясат
Поделиться на Facebook

Соңғы бірнеше айда Қазақстанда біршама тарихи маңызы бар оқиғалар орын алды: Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кетуі, астана атауының өзгертілуі және мерзімінен бұрын өткен президенттік сайлау. Осы оқиғалардың аясында біз жаңа саяси қозғалыстардың пайда болуына, саяси белсенді жастардың өсуіне, митингтер мен халықтық наразылықтарға куә болдық.

Neonomad журналисті «Re» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, танымал журналист және қоғам белсендісі Бэлла Орынбетовамен әңгімелескен болатын. Ол елде болып жатқан оқиғаларға көзқарасын білдіріп, оппозиционер Қосановтың штабының жұмысы туралы шындықты айтты. Сонымен қатар, өзінің жеке қорқыныштары мен үрейлері, жаңа саяси қозғалысты қалыптастыру үшін мемлекеттік БАҚ-тан кеткендігін әңгімеледі.

Тоқаев Пайыздық межені 7-ден 5%-ға төмендетуді ұсынды

Президент: Сайлаудан кейін Парламентте әртүрлі партия болады деп ойлаймын

Қазақстандықтар оянды

  — Жақында еліміз өзінің таңдауын жасады. 70,76 % дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. 2019 жылдың сайлауының қорытындысы туралы қандай пікірдесіз?

– Сайлау әрине әділетсіз өтті. Бірақ, меніңше, қандай заңсыздықтар болса да, оның барлығында плюсқа айналдыруға болады. Мысалы, ең бастысы бұл сайлау халықты оятты. Енді ешбір сайлауға халық бейжай қарамайтын болады, 97% жинап ешкім жеңе алмайды, өйткені халық өзі барады. Сосын екінші тағы бір жағдай, біз осыған дейін тәуелсіз бақылаушы дегенді мүлдем естіген жоқпыз, ал осы жолы олар да оянды, қаншама тәуелсіз бақылаушы болды. Олар түптеп келгенде өздерінің дауыстарын қорғауға дайын екендігін білдірді. Сондықтан келесі сайлауларда ешбір үміткер 70% да жинай алмайтынына мен сенемін.

Тәуелсіз бақылаушылар туралы

— Бақылаушылардың жұмысы туралы не айта аласыз? Саяси институттың маңызды күшке ие болуы үшін және оны дамыту үшін не істеу керек? Блогерлердің, журналистердің және басқа да адамдардың белсенді қатысуы неге байланысты? Оларды кім және қалай дайындайды?

– Бізде тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын бірнеше қоғамдық ұйым болды. Оларды теориялық түрде жақсы үйретті, бірақ өкініштісі ол ұйымдар біріге алмады. Біздің учаскіде 9 адам болды. Бірақ бәрінің позициясы бірдей болмай, принципшіл адамдар аз болды. Оларға барлық күш пен пікірлерді жинап, жұмылдыру керек еді.

Ал қазір блогерлердің қатысып жатқанының себебі, олардың желіде өз ойларын ашық білдіре алмауы. Жеке парақшасында жазғандарын қарасаң, басшылық рұқсат етпейтінін көрсетеді. Бірақ қуантатыны, бақылау участкілерінде олар өздерінің нағыз позицияларын көрсете алды.

Қосанов және оның Тоқаевты құттықтауы   

— Сіз және сіздің серіктестеріңіз Қосановқа дауыс беріп, қолдаған болатынсыз. Штабтағы  адамдар оның жеңілісін қалай қабылдады?

– Штабты білмеймін, бірақ біз («Re» қозғалысының қатысушылары – ескерту) Қосановты қолдадық және жеке парақшасын жүргізіп жүрдік. Көрсетілімдер де жаман болған жоқ, тіпті біз штабтан да жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын. Штабтың өзіне жоғарыдан команда болған болуы керек, қатты белсенділік танытпасын деген. Ал сайлау күні, адамдар Қосановқа дауыс беріп жатыр деген хабарлар келіп, тіпті алғашқы протоколдар да жетіп жатты. Қосанов штабының адамдары өздері қуанып, жеңіске сенді.

Ал Қосановтың Тоқаевты құттықтайын деп жатқанын, мәлімдеме жасайтынын штабтағы адамдар білмеді. Қосановтың өзі жеңіске жетіп жатқанын біліп отырды. Сондықтан Тоқаевты ертерек құттықтады. Егер де ол ертеңгі күнді күтетін болса, штабтың қолына барлық протоколдар келіп, шындық ашылатын еді және ол айқын жеңіске жететін еді. Қосанов өзі сайлау күні тек 15 минутқа келді және оның қасында өзінің  жеке қорғаушылары болды.

— Қазіргі уақытта Қосанов сізде қандай эмоция қалыптастырады? Егер Қосанов оппозициялық партияны басқарса, сіз ол кісіге қолдау көрсетіп, серіктес боласыз ба ?

– Біріншіден, біз оппозиция болған тұлғалармен жұмыс жасамаймыз, себебі олар өздерінің қолдарынан не келетінін көрсетті. Ал Қосановқа келетін болсам, оны қанша тырыссамда түсіне алмадым. Халықтың сенімін неге айырбастап кетті, құны қанша болды, менің ойыма тіптен қонбайды. Бірақ ол кісіге де рақмет, халықты көтеріп кетті, егер ол болмаса, біз осылай жиналып, жастар көшеге шықпайтын еді.

Дұрысталуға мүмкіндік беру туралы

— Өмірде көптеген реңдер бар, бірақ саясатта сіз қара және ақ реңмен жұмыс жасайсыз. Әлде сізде әртүрлі спектрлерге бөлесіз бе?

– Біз басынан бастап позициямыздан таймаймыз деп ойладық. Бірнеше күн бұрын біз тәуелсіз қозғалыс өкілдерімен баспасөз-конференция өткізген болатынбыз. Сол кезде 8 талап ұсындық. Бірақ біз диалогқа дайынбыз.

Саясатта бәрін ақ және қара деп бөлу дұрыс емес шығар. Мен алдында, біз оппозицияның алдыңғы буынымен жұмыс жасамаймыз деп айтып кеткен болатынмын. Бірақ адамдарға дұрысталуға мүмкіндік беру керек. Сондықтан да адамдарды «жақсы» немесе «жаман» деп бөлуге әлі ерте деп ойлаймын. Кешенің өзінде бірінші президентке ескерткіш салу керек деген жас жігіт өзінің ұсынысының абсурд екенін, мансапқа туфли жалау арқылы жетпейтінін түсінетін шығар. Бірақ дегенмен де біздің партияға қабылдау критерийлерінің ең бастысы ол – принципшілдік. Екіжүзділерге ешқашан кешірім жоқ.

   — Сіз саясатпен жұмыс жасау шешімін нақты қабылдадыңыз ба? Оппозиционерлердің ішінде партияны басқаруға лайықты адам барма?

– Мен партиялардың бәрін нашар деп айта алмаймын. Бірақ осыған дейін бір болсын оппозициялық партия жұмыс жасаған болса, өтірік қуыршақтар мен марионеткаларды басшы етіп қоймайтын еді. Партия басшылары өтірік жылап, қамшымен кафелерге бармайтын еді  

Ескерту: Бұл жерде «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен шыққан президенттікке үміткер Садыбек Түгелді меңзеп тұр. Ол жастарға ішімдікті қымызға алмастыруға, ал қыздарға киімдерін өзінің әдеп нормалары жайлы түсінігіне байланысты таңдап киюіне кеңес бергенімен танылды.

Жалғыз ғана маңызды партия бар — ол Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы, бірақ оларды қазіргі таңда актуалды деп айта алмаймын. Ал басқа партиялардан мен, халықтың жағдайын ойлап, қамын жеп, өзінің принципін адал соңына дейін қорғап жүрген адамдарды білмеймін.

— Саясаткерлерден кімді үлгі тұтасыз? Өзіңізді Жанна д’Аркпен ұқсатасызба?

Ескерту: Президенттік сайлаудан кейінгі келесі күнде Бэлла Орынбетова Қосановтың тірлігі жайлы теріс көзқарасын оның штабында ашық айтқан болатын. Бұл эмоционалды видео ғаламторда таралып, көптеген қазақстандықтардың қолдауына бөленді.

– Біріншіден, бұл видеоға қатысты, мен оған әдейі түсетін ойым болған жоқ. Сайлауда мен де бақылаушы болдым. Біздің чатқа студенттер көп жазды: «Апай бізге осындай дауыс бер деп жатыр, бірақ біздер келіспедік» дегендер болды. Бірақ мен ол скриншоттарды шығарсам, ол студенттерді оқудан шығарып жібере алатынын білдім.

Келесі күні Мұратбек досым екеуміз Абай көшесіндегі «Тағам» деген кафеде таңғы асымызды ішіп, шығып жатқан кезде, артымыздан қара формамен СОБРлардың жігіттері бізді құлатты да кетіп қалды, бізді емес басқа адамды ұстау керек болған, сол адамды ұстап алып кетті.

Содан кейін қатты үрей де, ашу да болды. Сол кезде дереу шығып Қосановқа бардым, егерде жаңағы жағдай болмаса, мен салихалы сабырлы болып, бұл сөздерді айтпайтын да едім, бірақ ішімде ашу, ыза, реніш болғандықтан бетіне бәрін айттым.

Бір апта бұрын ол (Қосанов) «Егер халық мені қолдайтын болса, егер бір әділетсіздік болса, мен халықпен бірге көшеге шығамын, халықтың жағында боламын», – деп айтқан еді. Осы сөздерді өзіне қайта айтқанымда, ұмытып қалдым, айтпадым дейді. Бірақ шыны керек, іштей біледі ғой, ары өзінде.

— Өзіңіз айналысып жүрген ісіңіз үшін немен құрбан ете аласыз?

– Достарымыздың арасында да халықтың арасында да Қосановқа дауыс бергендер болды. Оларға да қоқан-лоқы көрсеткен болатын, отбасыға байланысты үрей көрсеткен болатын. Бірақ егер де таразының бір жағында ұлттың мүддесі тұрып, бір жағында отбасым тұрса, мен отбасыға қарамай халық мүддесін таңдайтын едім. Құдай басын салмасын әрине, бірақ тәуекелге бел буу керек болса, мен ештеңеге қарамаймын.

Астанадағы қайғылы оқиға және астананың атауының өзгеруі 

  — Серіктестеріңіз туралы не айта аласыз? Бұл саясат жолына қалай келдіңіз?

– Негізінен, біз әртүрлі салада жүрген адамдармыз. Журналисттер, блогерлер, программистер бар, саясаттанушылар да бар. Біз осыған дейін отырыстарда кездескен кезде халықтың жағдайы туралы әңгімелесіп, талқылайтынбыз. Сосын астанадағы 5 баланың өртеніп, қайтыс болғаны бізге қатты ауыр тиді. Бұл қайғыны әр адам өз жүрегінен өткізді және ол бізді біріктірді.

Ескерту: Бэлла ол кезде мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істеп жүрді.

Бірақ сол кезде бізге жоғарыдан басқаша команда түсті: «Бұл жөнінде айта бермеңдер, одан да үкіметтің қалай жұмыс жасап жүргені туралы жазыңдар». Содан кейін қатты көңілім қалды. Содан менің түсінгенім, бес бала емес 100 бала өліп қалса да бұл идеология өзгермейді. Бұл жағдай журналистерге, блогерлерге қалай тапсырма берілетінін көрсетті. Содан кейін бұл жұмыстан кету керек деп ұйғардым.

Астана қаласының аты өзгеретінін білген кезде, бәрімізге бірігу керек деген соңғы сигнал болды. Сол кезден бастап бізде чат құрылған болатын, заңсыздықтарды, видеоларды әшкерелеу үшін ортақ бөлісіп жүрдік.

Сол кезде командамыздың программасы қалана бастап, командамызға  өзіміз сияқты ойлайтын жастарды жинай бастадық.

Қосановтың парақшасын жүргізу, оны қолдап немесе оның президент болсын деген оймен емес, жанымыз ашығаннан емес, бұл бізге кейс болды. Парақшасын ашып, оған пиар жасап, қолдау көрсеттік. Егер ертең біздің арамыздан президенттікке үміткер шығарсақ, бізде тәжірибе бер, пиар жасай аламыз.

Біз партиямызды қазіршығарамыз деп ойлаған жоқпыз. Сәл жағдай тынышталғаннан кейін бір партия ретінде тіркейміз деп ойладық. Оған Қосановта қолдау көрсеткен болатын. Бірақ болып жатқан жағдайлар бізді ертерек бастап жіберуге мәжбүр етті.

Қазіргі таңда штабта 15 адам бар, ал қозғалысқа қосыламыз деп жатқан адамдар саны 160-тан асып келе жатыр. Маған ұнайтыны, бұл шынында да өзгерісті қалайтын адамдар.

Интервьюдің жалғасын өткізіп алмау үшін, Neonomad-қа жазылыңыз!

Facebook |  Youtube |  Instagram 

Тегтер: Әміржан ҚосановҚазақстан жаңалықтарыҚасым Жомарт ТоқаевСайлау
Бөлісу441ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Бағдарламашы Атырау әуежайының шотынан 12 млн теңге ұрлады

Келесі жаңалық

Димаштан эстафетаны қабылдаған Игорь Крутой Абайдың өлеңін оқыды (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1k
БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды
Басты жаңалықтар

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды

Ақпан 26, 2021
30
Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген
Әлем

Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген

Ақпан 26, 2021
32
Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады
Басты жаңалықтар

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады

Ақпан 26, 2021
103
Павлодарда еркек оқушы қызды тепкінің астына алды: жұрт құры қарап тұрған
Басты жаңалықтар

Павлодарда еркек 13 жасар қызды біреумен шатастырып тепкілеп тастаған

Ақпан 26, 2021
3
Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді
Қазақстан

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
36
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Димаштан эстафетаны қабылдаған Игорь Крутой Абайдың өлеңін оқыды (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1k
Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын
Қазақстан

Ләйлә Сұлтанқызы: Кейде ұлдарға шамаң жетпегенін көріп, бұрынғы энергия қайда кеткен деп ойлаймын

Ақпан 25, 2021
1k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
5.8k
Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
3.8k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1k

БҚО-да полицейлер жүкті әйелді көлікте босандырып алды

Ақпан 26, 2021
30

Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген

Ақпан 26, 2021
32

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін суытады

Ақпан 26, 2021
103

Павлодарда еркек 13 жасар қызды біреумен шатастырып тепкілеп тастаған

Ақпан 26, 2021
3

Атырауда сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді

Ақпан 25, 2021
36
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.