Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін орта салмақтағы боксшылар Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы көптен күткен жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Бокс кеші 6 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5:00-де басталады. Кештің басты қаһармандары Головкин мен Деревянченко шаршы алаңға шамамен сағат тоғызда шығады деп күтілуде.
Сондай-ақ бұл күні тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жекпе-жек өткізеді. Ол америкалық боксшы Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасады.
Еске сала кетсек, Головкин мен Деревянченко IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдеулері үшін таласады.
Сурет: Тимур Батыршин