Шымкентте жұмысы тоқтап қалған дәмханадан адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан кафеде мәйіт табылды.
Телеарнаның мәліметінше, дәмхананың иесі Шымкентте емес. Ал дәмхана болса көптен бері жұмыс істемей түрған.
Жанында орналасқан дүкен иесінің айтуынша, ғимаратты нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар мекен етіп алған. Оның дүкенін3нде де ұрлық орын алған. Сондықтан ол мезгіл-мезгіл бос дәмханаға қарап тұратын. Бүгін таңғы төртте бас сұққанда, сол жерде адамның жансыз денесін тапқан.
Белгілі болғандай, ер адам өлтірілген. Жасы қырықтарда. Кафенің ауласынан қылмыстың болжалды құралы — қан іздері бар пышақ табылды.