Қостанайда қоқыстан жаңа туылған нәрестенің өлі денесін бірінші болып көрген аула сыпырушы Геннадий Леонов көзіне жас алып, сол күнді еске алды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Геннадий Леоновтың сөзінше, сәби салынған пакетті ол жексенбі күні таңда «Аэропорт» шағынауданындағы 5-үйдегі қоқыс жәшігінен тауыпты. Оқиғаның қалай болғанын ер адам көзіне жас алып, айтып берді.
«Жақындасам, мына жәшіктен аяқ шығып тұр екен. Ішін ашсам, жаңа туған нәресте екен, кіндігі де кесілмеген. Бірден диспетчер бөлмесіне жүгірдім», – деді Геннадий Леонов.
Белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені көрші үйдің тұрғыны да көрген. Сөйтіп ол жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларын шақырыпты. Өкінішке орай, сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.
Болжам бойынша, ол суық ауа райында бір сағаттан астам уақыт жатқан.
«Клиникалық өлім, реанимациялық шаралар жасалды. Өкінішке қарай, сәтсіз. Сәби уақытында дүниеге келген, кіндігі кесілмеген», – деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баласын тастап кеткен көкек ана әлі анықталған жоқ.
«Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық үйлерді аралап, бейнебақылау камераларын қарап шықты, кинологтар да жұмысқа тартылды, – деп хабарлады облыстық ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Арыстанов.
Оқиға куәгерлері де әлі анықталған жоқ. Шағын аудандағы ебйнебақылау камералары барлық жерді түсірмейді. Полицейлер көкек ана жайлы қандай да бір ақпарат білуі мүмкін қостанайлықтарға сенім артып отыр.
Еске сала кетсек, Қостанай қаласының тұрғындары қоқыс тастайтын шәшіктің ішінен сәбидің өлі денесін тауып алды.