Мәскеуде жүріп келе жатқан Tesla отқа оранды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Апат сенбі күні кешке болған. Әлеуметтік желілерде қозғалып келе жатқан Tesla автокөлігінің жанып кеткені түскен видео пайда болды.
Жариялаған кадрлардан көліктің жалынға оранып, қара түтін қоршағанын көруге болады. Жарылыс салдарынан Tesla-ның үш жолаушысы зардап шеккен. Бұл туралы қалалық мемелекеттік автоинспекцияның баспасөз қызметі хабарлады.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, электромобиль автопилотпен қозғалып келе жатқан. Ол алдында сынып, эвакуаторды күтіп тұрған көлікті анықтай алмаған.