Үндістанның солтүстік бөлігінде орналасқан Харьян штатында сирек кездесетін жүрек эктопиясы ауруына шалдыққан сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Суреттен сәбидің аурухана төсегінде жатқанын және жүрегінің сыртқа шығып тұрғанын көруге болады. Нәрестенің денесіне көптеген катетер мен түтікше сұғылған.
Дәрігерлер оның жансақтау бөлімінде жатқанын және жағдайының ауыр екенін жеткізді. Жүректің эктопиясы – сирек кездесетін туабіткен ауру, онда жүрек кеуде қуысынан тыс жерде дамиды.
Онымен ауыратын балалардың көпшілігі өмірдің бірінші жылында көз жұмады. Бұл кемшілікпен ең ұзақ өмір сүрген америкалық Кристофер Уолл. Ол бірнеше операция жасап, 34 жылға дейін өмір сүрді.
Коллаж: Stan.kz