Мәскеуде жүкті әйел құрбысының сәбиін терезеден лақтырып жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Сәби 13-қабаттан құлады. Сол сәтте оның анасы да пәтерде болған.
Тергеушілер РФ ҚК 105-бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті жүктіліктің жетінші айында. Сол күні құрбысының үйіне жүктілерге арналған бандажды алу үшін қонаққа келген. Оның мұндай әрекетке не үшін барғанын тергеушілер анықтап жатыр. Әйел екі айға қамалды.