Өзбекстанның ішкі істер министрлігі порносайттарға кірген адамдардан ақша боспалағандарға қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы уақытта бірқатар интернет ресурстарына (порнографиялық фото- және видео өнімдер) кірген кезде автоматты түрде «Өзбекстан ІІМ киберқылмыспен күрес бөлімі ескертеді» деген жазуы бар сайтқа өтетін жағдайлар жиілеп кеткен. Онда порносайттарға кіргені үшін ІІМ 200 000 сум (кей жағдайда 300 000 сум немесе 30 доллар) айыппұл төлеуді талап етеді. Төлемді «Webmoney» электронды жүйесі арқылы жүргізуді сұрайды. Кері жағдайда олар туралы мәлімет сақталатынын ескертеді», – делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
ІІМ тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.