Көп баласы барларға көмек ретінде берілетін 21 мың теңгеге қатысты тағы да дау шықты. Үкімет атаулы әлеуметтік көмекті қайда жұмсағаны туралы есеп талап етіп отыр. Ал оны орындамаған жағдайда, тіпті, жәрдемақыдан қағылулары мүмкін, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі informburo бағдаралмасына сілтеме жасап.
Көп балалы аналар мұндай ереже туралы алғаш рет естіп отырғандарын айтады. «Есеп тапсырмайтын болсаң, екінші төленетін ақшаң тоқтатылады» дейді. Кентаулық аналар осы талапқа наразы екенін жеткізіп жатыр.
«Ол ақшаға балаға киім мен тамақ алып береді. Қайсыбірінің есебін алып жүреді. Бір тиынға зар болып жүргенде тағы да есеп беріп отыруы керек екен. Баласына тамақ ішкізе ме? Әлде киіндіре ме? Зачем это?» – деді көп балалы ана Зиуар Жұманова.
Алайда халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мұндай талаптың тек үш айдың ақшасын қосып алатын кезде болатынын түсіндірді.
«Егер сіз үйайдың ақшасын біріктіріп, бір реттік көмек алатын болсаңыз, онда сіз өз ісіңізді дамытуыңыз керек болады. Ал баланың киім-кешегі мен тамағына ай сайын алып тұруға болады», – деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Ғалия Жабағина.