Соңғы жылдары кино түсіріп жүрген продюсер Нұртас Адамбай танымал әнші, әлемдік жұлдызға айналған Димаш Құдайбергеннің бейнебаянын сынап тастаған болатын. Оған Димаштың әкесі Қанат Айтпаев жауап берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Үстіміздегі жылдың 19 сәуірде әлемдік деңгейдегі әнші Димаш Құдайбергеннің «Любовь уставших лебедей» әніне түсірілген бейнебаяны жарияланды. Музыкасын композитор Игорь Крутой жазған. Ал клип болса Испания мен Украинада түсірілген. Оның түсіріліміне 70-тен астам адам жұмылдырылған деген ақпарат бар.
Бейнебаянда Димаш Құдайберген мен жараланған аққуларды байқауға болады.
Клип әлемге ұнағанымен, қазақстандық продюсер Қайрат Адамбайдың көңілінен шықпапты.
«Бұл бейнебаянды алғаш рет тамашаладым. Шындарыңызды айтыңыздаршы, Сіздерге ол ұнады ма? Менің пікірім: Димашқа бейнебаяндарының режиссерін ауыстыру керек. Неге өзіміздің отандасымыз Айсұлтан Сейітовты шақырып алмасқа, ол шынымен де керемет видеолар түсіреді.
Жерде жатқан қанаты бар адамдар – бұл оған нағыз керек емес нәрсе. Бұл менің жеке пікірім, менің қателесуім де мүмкін».
Адамбайдың бұл посты әрине жұртщылықтың талқысына түсті. Продюсерді бірі қоштаса, бірі даттады. Жазбаны оқығандардың арасында Димаш Құдайбергеннің әкесі, продюсері Қанат Айтпаевта бар. Ол кісі өздеріне ақыл берген Нұртас Адамбайдың жазбасы астына қысқа жауап қайырыпты.
«Сенің ақыл-кеңесіңді сұраған жоқпыз. Өз ісіңмен шұғылдансаң дұрыс болады»,- деп жазды Қанат Айтпаев.
Бұл жауапты оқыған посттың авторы әңгімені қалжыңға бұрғысы келгендей, былай деп жауап жазды:
«Достар, негативтің не қажеті бар? Ешкім Сіздерге жамандық қаламайды. Әлемге күліп қарасаңыз, әлем де Сізге құшағын жаяды» деп жазды ол.