Оралда мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған қыздың денесін басқа отбасыға беріп жіберген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасап.
Жерлеуге дайындалып жүрген әке қызының денесін алып кетуге келгенде, мәйітхана қызметкерлері денені басқа біреулерге беріп жібергенін білген.
«Біз қызымызды жерлеуге дайындалып жатыр едік. Содан мәйітханаға бардым. Қызметкерлер құжаттарды көрсетіп, қызымның денесін алып кеткенін айтты. Сайхин елді мекеніндегі отбасы да қайғыдан қан жұтып отыр екен. Олар балаларын алып кетуге менен екі сағат бұрын келген. Оларға қателесіп, Айарудың денесін беріп жіберіпті», – деді ол.
Қыздың денесін алып кеткен отбасы Орал қаласынан алыстағандарын айтқан.
«Ол адамдар да сене алмады. Мәйітхана қызметкерлерінің жауапсыздығы ақылға сыймайды «, – деді Асылхан Қазиев.
Еске сала кетсек, 20 қараша күні қыз бала әжесімен бірге каратэ жаттығуынан қайтып келе жатқан.
Жаяу жүргінші жолында «Ауди» жүргізушісі оны қағып кетіп, ізін суытты.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада қолға түсірді.