Бүгін Димаш Құдайберген тыңдарман қауымға өзінің кезекті жаңа туындысын ұсынды. Бұл жолы «Golden» атты әнге бейнебаян түсірген, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Танымал әлемдік жұлдыз Димаш Құдайберген өзіне қолдау білдіріп келе жатқан тыңдармандарына алғыс айтып, оларға тосынсый жасады.
Ол кезекті жаңа әнге түсірілген бейнебаянын ұсынды. Бейнебаян шытырман оқиғаға толы. Тіпті, бейнебаяндағы сүйіктісі Димаштың ернінен сүйіп алды.
Тыңдармандарға осы сәт жақпай қалған сияқты. Әзіл-шын аралас түрлі пікір жазды.
«Аға, көріп отырмыз. Талып түсе жаздадық. Ештеңке етпейді, үйреніп кетерміз», «Тамаша бейнебаян! Екінші рет көріп отырмын. Сүйіс керемет болды», «Димаш, браво, Мынау мини фильм ғой. Рахмет!», «Сүйісті көргенде жүрегім тоқтап қала жаздады ғой», «Құттықтаймын. Сөзсіз керемет, мәнді-мағыналы туынды» деп жазды желі қолданушылары.