Нағима Есқалиеваның ұлы жаңа бейнебаян түсіру үшін қыз болып киінді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші Диас Абылаев «Bооm» атты әніне бейнебаян түсірді. Алайда, жігіт клипті түсіру үшін қыздың киімін киді. Тек ол көңілді қыздың рөлін емес, спортшы ер жігітті де жақсы сомдағанын байқауға болады. Шетелдік стильде түсірілген бейнебаян халықтың ойынан шығып, ойларын ортаға салған.
«Өте әсерлі шыққан», «Қыз болса, әдемі болатын еді», «Не туралы айтып жатқанын білмеймін. Әйтеуір энергетикасы қатты екен», «Маған қатты ұнады», «Ол үнемі ерекше болып жүреді», «Оның стилі өзгеше», «Маған бәрі ұнады. Күлкіге қарық болып, көңіл-күйім көтеріліп қалды», «Диастың аяқтары әдемі екен», «Әр адамның өз артықшылығы мен ерекшелігі бар», «Қазақстандық Артур Пиражков», – десті жұрт.
Айта кетейік, Диас Абылаев – Қазақстанның және КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваның жалғыз ұлы.