Бангкок полициясы 22 жастағы Уоринторн Чайячеттің жоғалғанына 6 ай өткен соң, күдікті ретінде Апичаи Онгвитті қолға түсірді. Мәйіттің кім екені арқасындағы татуировкасының көмегімен анықталды. Ер адам сүйіктісі кетіп қалады деп қорыққандықтан, оны темір тордың ішінде қамап ұстаған. Алайда қыз тұншығып, Абичай оның денесінен құтылуға шешім қабылдайды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Алайда оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жалғастырған соң, 298 адамның сүйегі табылды. Жуырда Апичайдың жанында тұратын отбасы 12 жасар қызынан айырылған. Яғни бұл қыздың мәйіті осы 298 адамның ішінде болуы мүмкін.
Полиция ер адамның қылмыстарын толық дәлелдеу үшін тоғанды төгуді жоспарлап отыр. Жұрт 40 жастағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, еш таңғалмайтынын айтады. Өйткені оның әкесі 1983 жылы 15 жасар қызды өлтірген.