Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлем

«Қытайда зейнетке 50 жаста шығады. Қариялар жылына бір рет шетелде тегін демалады»

Желтоқсан 3, 2020
Әлем, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Қытайда зейнетке 50 жаста шығады. Қариялар жылына бір рет шетелде тегін демалады»
Поделиться на Facebook

Таяуда ғаламторда «Қытайда еркектер 55 жаста, әйелдер 50 жаста зейнеткерлікке шығатын болды. Компартия осылай шешті. Зейнеткерлерге жылына бір мәрте Кипр, Грекия, Мысыр, Нидерланды сияқты әлемнің 15 елінің біріне барып  қайтатын тегін туристік жолдама берілетін болды» деген хабар таралды. Ал бұл қаншалықты рас? Мұны «Замана» басылымының тілшісі анықтады.

Зейнетақы алатындар да, алмайтындар да бар

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Білгеніміз – бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты. Қытайда еркектер зейнеткерлікке 60 жасында, ал әйелдер 55 жасында шығады екен. Қытай компартиясында аса жоғары лауазымды қызмет атқарғандарда қандай екені туралы ашық дерек жоқ, ал жалпы зейнеткерлерде жағдай мынадай екен: ел аралап, жер көремін деген зейнеткер жолға және басқа да қажеттіліктерге шығынды өз қалтасынан төлейді.

Қытайда зейнеткерлік жастан асқанымен зейнетақы төленбейтін де адамдар бар, олар миллиондап саналады. Себебі ресми тұрақты жұмысы болмағандықтан олар зейнетақы қорына ақша аудармаған, қаржы бөлуге шамалары да жоқ.

Қытайда зейнетақы қорына салық төлеушінің өзі жалақысының 8 пайызын, ал жұмыс беруші 12 пайыз көлемде ақша аударып тұрады. Мемлекеттік қызметшілер, атқарушы орган және басқа да сала қызметкерлері зейнетақы алуы үшін оның зейнеткерлікке шыққан кездегі еңбек өтілі 10 жылдан кем болмауы керек. Еңбек жағдайы қауіпті жұмыстағылардың өтілі де осындай болуы тиіс, бірақ олар зейнеткерлікке басқалардан 5 жыл ерте шығады. Яғни еңбек жағдайы ауыр кәсіпорында істеген еркектер зейнеткерлікке 55 жасында, әйелдер 50-інде, кей жағдайда 45 жасында шығады.

Зейнетақы есептелгенде адамның қай аумақта тіркеуде тұрғаны да елеулі роль ойнайды. Қытай провинцияларының даму қарқыны әрқалай, қалаларының да жағдайы әртүрлі. Зейнетақыны қала тұрғындары ауылдықтардан көбірек алады. Өйткені қалада басқарушы-атқарушы органдар, ірі өндіріс орындары көп, онда жұмыс істейтіндердің айлық жалақысынан зейнетақы қорына ақша аударылады, ақшаны оны жұмыспен қамтушы да аударып отырады. Ал ауылды жерде кей адамдар өмір бойы еңбек еткенімен зейнетақы қорына ақша сала алмайды, сондықтан оларға зейнет­ақы төленбейді. Оларға мемлекет қартаюына байланысты жәрдемақы төлейді, бірақ ол мардымсыз. Мысалы, 150 – 200 юань алатындар бар. (1 юань = 65 теңге).

Бір статистикалық деректе 2020 жылдың осы кезеңіне дейін жасы 60-тан асқан 231 миллион адамның 153 миллионы ғана заңды зейнетақымен қамтылғаны туралы айтылыпты. Яғни Қытайда зейнет­ақыға жұрттың бәрінің бірдей қолы жетіп жатқан жоқ деген сөз.

Шотына 5 мың юань түсіп тұрады екен

Бүгінде ел ішінде Қытайдан Қазақстанға көшіп келгендер кем дегенде 1 мың долларға дейін зейнетақы алады екен деп айтып жүргендер бар. Бұған сеніп те қаламыз. Өйткені Қытайда расында да зейнетке шығу жасы біздегіден төмен, ал зейнетақы мөлшері әлдеқайда жоғары болып келеді. Осы орайда бізге Қазақстанға қоныс аударған, Қытайдан зейнетақы алып тұратын бір азаматпен әңгімелесудің сәті түсті. Біз оған өзімізді қызықтырған сұрақтарды қойдық.

–  Қытайда 1 мың долларға дейін зейнетақы алатындар бар деп естиміз. Осы қаншалықты рас?

– Ондай зейнетақы алатындар, тіпті 5 мың, 10 мың долларға дейін алатындар да болады. Одан әлдеқайда төменгі мөлшердегі зейнетақылар да бар. Оның көлемі адамның жұмыс істеген саласына, сондай-ақ республикалық, өлкелік, аймақтық, аудандық, ауылдық деген сияқты бірнеше сатыға бөлінетін арнайы санатына, дәрежесіне байланысты болады.

– Осы жағын түсіндіріп айтсаңыз…

– Негізі Қытайда зейнетақы мемлекеттік қызметте істегендерге ғана беріледі. Мемлекеттік қызметтің өзі екі түрге бөлініп қаралады. Біріншісі – басқарушы, атқарушы билік, құқықтық сала қызметі, ол ресми әкімшілік деп аталады. Екіншісіне кәсіби іс орындаушылар жатады. Олар – білім беру, денсау­лық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты салалардың жұмыскерлері.

– Өзіңіз қай салада еңбек еткен едіңіз, зейнеткерлікке қандай санатпен шықтыңыз? Қазір қанша зейнетақы аласыз?

– Мен мемлекеттік қызметте болдым. Зейнеткерлікке аймақтық санат, 9-шы дәреже бойынша шықтым. Яғни аймақтық органда жұмыс істегенмін. Зейнетақым  – 5 мың юань, біздің валютаға шаққанда 300 мың теңге болады.

– Ол қолыңызға уақтылы тиіп тұра ма? Қазақстанға қашан қоныс аударған едіңіз?

– Зейнетақымды кедергісіз, уақтылы алып тұрамын. Қазақстанға қоныс аударғаныма көп болған жоқ. Азаматтықты өткен жылы алғанмын. Қытайда зейнеткерлікке шыққан адам кейін қай елге қоныс аударса да тиесілі зейнетақысын алып тұрады. Кейін өзгеріп кетпесе, Қытайдың осындай заңы бар.

– Кей қандастарымыз Қазақстанға қоныс аудару үшін Қытайда зейнеткерлікке шығып алуды күтіп жүреді деген сөз бар…

– Қазақстанға қоныс аудару үшін сол жақта жүріп зейнеткерлікке шығып алуды күтіп жүргендердің бары да рас.

– Өзіңіздің жасыңыз қаншада? Зейнеткерлікке қай жылы шыққан едіңіз?

– 58-демін. Зейнеткерлікке 53 жасымда шыққанмын.

– Біз біраз ақпарат көздерін ақтарып көрген едік. Қытайда еркектер 60 жасында, әйелдер 55 жасында зейнеткерлікке шығады деп жазылыпты…

– Иә, Қытайда еркектер 60 жасында, әйелдер 55 жасында зейнеткерлікке шығады. Дегенмен басқадай да ережелер бар. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылға толғандар 60 жасқа жетпей-ақ зейнеткерлікке шыға алады. Мен өзім бір қызметте 34 жыл еңбек етіп, 53 жасымда зейнет­керлікке кеттім. Өйткені Қытайда халық көп, орынды кейінгіге босату керек болады. Кей қызметкерлер зейнеткерлікке 10-15 жылдан кейін, денсаулық жағдайына байланысты да шығып кетіп жатады, бірақ олардың зейнетақысы аз шығады. Теңгеге шаққанда 80  мың, 100 мың теңгені құрайды.

– Жаңа сіз Қытайда 5 мың доллар, 10 мың доллар зейнет­ақы алатындар да болады дедіңіз. Қазақстанға қоныс аударғандар арасында сондайлар бар ма? Жалпы, Қытайдағы ең аз зейнет­ақы мөлшері қандай болады?

– 10 мыңын білмедім, ал 5 мың доллар алатындар бар. Жаңа айтқанымдай, зейнетақы мөлшері зейнеткердің істеген қызметіне және республикалық, өлкелік, аймақтық, аудандық немесе ауылдық деңгейдің қайсысында еңбек еткен болса, соған байланысты дәрежеленіп, есептеледі. Ал ең аз зейнетақы, менің білуімше, теңгеге шаққанда 120 мың теңгедей болады. Яғни 2 мың юань шамасы. Қытайларда бала саны шектелген ғой, бір-екі бала өз күнін көреді, ал 4 мың юань зейнетақы кемпір-шалға молынан жетеді. Оның үстіне оларда зейнетақының  адам жасы 80-нен асқасын қосылатын үстемесі бар. Ал қытайлар – денсаулыққа аса мән беретін халық, оларда жасы 80-нен асқандар көп кездеседі.

Мен өзіме белгілі нәрселерді ғана айтып отырмын. Естуімше, осыдан бірер жыл бұрын кей аумақтарда егінші-малшыларға мөлшерін жыл сайын арттырып отыратын болып, 100 юаньнан төлеуді бастады дейтін.

– Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері елімізге жүздеген мың қытайлық қандастар көшіп келді. Естуімізше, солардың көбі Қытайдан зейнетақы алмайтын сияқты ғой?

– Иә, көбісі зейнетақы алмайды. Себебі олардың көбі егін-мал шаруашылығы саласында еңбек еткендер. Қытайда бұл сала адамдарына зейнетақы төленбейді. Статис­тикалық деректерге қарағанда, Қытайда олардың қатары 800 миллион адамнан асады. Кейінгі жылдары 400 миллиондайы қалалардағы өнеркәсіп орындарына жұмысқа орналастырылды деп айтылып жататын. Олардың да мақсаты сол – аз да болса зейнетақыға ілігу, ке­йін көбі сол жақтан басқа жұмыс тауып, тұрақтап қалады.

Ал ауылдық аймақтардағы егінші-малшыларға кейінгі кездері ғана аздап жәрдемақылар беріле бастаған. Олардың ішінде зейнетақы қорына ақша құйғандары ғана жеткізген сомасына қарай зейнет­ақы алуы мүмкін. Бірақ ондайға қол жеткізу қиын.

Жалпы, Қазақстанға қоныс аудар­ғандардың 90 пайыздайы – кезінде еліме ертерек жетсем деп жұмысынан зейнеткерлік жасқа жетпей шығып кеткендер мен егін-мал шаруашылығы саласында болған Алтай, Тарбағатай, Іле бойының қазақтары. Қазақстанға мемлекеттік және кәсіби қызметте істеп, зейнеткерлікке шыққан соң келгендер өте аз кездеседі.

…Біз бұл азаматтан осындай жайлар жөнінде білдік. Кей адамдар тарапынан түсінбеушілік орын алуы мүмкін дегенді алға тартқан ол кісі мақалада өзінің аты-жөнін атамауымызды өтінді. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар деп ойладық.

Ал соңғы статистикалық деректерге қарағанда, Қытайдағы халық саны қазір 1 миллиард 415 миллион адамнан асқан. Еркеккіндіктілердің қатары әйел жыныстылардан 55 миллиондай көп. Зейнет жасына жеткендер саны да жылдан-жылға артып келеді. Бұл елдің әрбір 4-ші тұрғыны мемлекеттен қартаюына немесе денсаулық жағдайына байланысты жәрдемақы алады екен. Сондықтан Қытай үкіметі қазір елдегі зейнеткерлік жасын төмендетуді емес, қайта оны аздап ұзартуды ойластырып жатыр деседі.

Т. ТҰРАН.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Саяхаттағы жігіттер, самса жемеңдер!": Тышқан жүгірген видео алматылықтарды шулатты

Келесі жаңалық

WhatsApp қолданбай тұрып осы үшеуін өзгертіп алыңыз — Forbes

ҰқсасЖаңалықтар

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да
Өмір

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
4
Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады
Қылмыс

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
61
Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
21
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
10
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
77
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
WhatsApp қолданбай тұрып осы үшеуін өзгертіп алыңыз — Forbes

WhatsApp қолданбай тұрып осы үшеуін өзгертіп алыңыз — Forbes

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
680
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
542
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
4

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
61

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
21

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
10

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
77
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.