Қытайда «Лекима» тайфунынан қаза тапқандардың саны қырық үшке жеткен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«12.10-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен 10.10) жағдай бойынша Чжэцзян провинциясында «Лекима» тайфунынан 38 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті», – деп хабарлады Қытай телеарнасының тілшілері.
Билік табиғи апат болып жатқан жерден миллионнан астам тұрғындарды эвакуациялауда. Чжэцзян провинциясындағы апат аймағында жалпы алғанда бес миллионнан астам адамға қауіп төнді.
Телеарнаның ақпаратынша, 173 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды, оның тікелей экономикалық шығын шамамен 2,1 миллиард долларға бағаланды.
Жексенбі күні тайфун Чжэцзяннан Шаньдун провинциясына жетті. Аппт салдарынан бес адам қаза тапты, тағы жетеуі із-түзсіз жоғалып кетті.
Апат аймағында барлығы 1,65 миллионнан аса адам қалды, билік 180 мыңнан астамын эвакуациялады. Тайфун 175 мың гектар ауыл шаруашылығына арналған жерді жойып, 600-ден астам ғимаратты қиратты.
Айта кетсек, бұл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болып саналады.