Қытайда есірткі заттарын тасымалдады деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытай соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгертусіз қалдырды. Үкім 27 желтоқсанда шықты.
Сот отырысына адвокаттар, Қазақстанның Қытайдағы елшілілігінің консулы қатысты.
Сот үкімі он күннен соң күшіне енеді.
Қорғау тарабы үкімге шағымдануды және Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға жеткізу мәселелерін қарастырып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі қазақ қызын елге экстрадициялау туралы айтқан болатын.