Жұма, Қаңтар 22, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады

Қазан 16, 2020
Шоу-бизнес, Қазақстан, Қоғам
Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады
Поделиться на Facebook

Төртінші қазан күні Қытайдың Гуанчжоу қаласында ерекше үйлену тойы өтті. Бас қосқан жастар өмірлеріндегі аса маңызды шараның тақырыбын Димашқа арнаған. Қалыңдық 2017 жылдан бері қазақстандық әншінің тыңдаушысы болып шықты. Күйеуі екеуі тіпті Димаш Құдайбергенннің Қытайда өткен алғашқы концертіне бірге барған екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сяо Ли мен Минг 5 жылдан бері таныс. Минг 2017 жылдан бастап сүйіктісінің Димаштың өнеріне қызығушылығын байқап, оған қолдау көрсеткен. Болашақ жарының көзінен қуаныш көру ғашық жігіт үшін бақытты сәттердің бастамасы болыпты. Сяо Ли Димаштың белсенді жанкүйерлерінің бірі болса да, сүйіктісі оның өнерге деген асқан қызығушылығына барынша сыйластықпен қарауға тырысқан. Минг ғашығымен қазақстандық әншінің барлық концерттеріне барыпты.

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады 1

«Димаш Қытайда алғаш рет туған күнін тойлаған кезде, Гуанчжоу Dear-лары бейне құттықтау жазу үшін жиналғанбыз. Менің жанымдағы жігітті көрген қыздар оны Димаштың жанкүйері деп ойлап, таң қалды. Бірақ ол мені қолдау үшін келіп, қасымда жүрді. Содан бері Минг біздің ортада «жалған фанат» деген лақап атқа ие болды. Димаштың Қытайдағы алғашқы концерті Чаншада өтті. Бұл менің «жалған фанатыммен» барған алғашқы концертім. Алдын ала билет сатып алдық. Шағын саяхатымызды жоспарлап, жолға шықтық. Желтоқсан айында Чанша күн өте суық болады. Оның үстіне жаңбыр жауды. Минг екеуміз салқын ауа райын ұнатпаймыз. Соған қарамастан ол менімен бірге болды» , – деп ерекше сәттерді есіне алды қалыңдық.

Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады 2

Сяо Лидің жігіті оның көңілін барынша көтеру үшін Димаш жүрген көшеде жүріп, Димаш жеген тофуды бірге жеп, Димаш суретке түскен жерлерде оны суретке түсірген.

«Концерт болатын күні біз ерте келдік. Қатты толқып тұрдық. Мен концерт бойы ерекше сезімде болып, сахнадан көзімді ала алмадым. Менің «жалған фанатым» осы сәттердің барлығын суретке түсіріп, фотограф міндетін атқарды. Концерттен бейнежазба түсіруге көмектесті. Чаншадағы бұл концерт біздің өміріміз үшін ерекше сәттерге толы болды. Сондықтан үйлену тойын ұйымдастырушы жұбайым екеуміздің есте қалар сәтімізді сұрағанда, «Чаншадағы ғажайып сапар» дедім. Минг екеуміз осы естеліктерді барлығын біздің үйлену тойымызда қайталанғанын қаладық. Және оны достарымыз, отбасымыз, қонақтармен бөлісеміз деп шештік» , – деді Сяо Ли.

Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады 3

Белгілі болғандай, жастардың үйлену тойында Димаштың әндері шырқалып, оның суреттері ілініп қойған. Асаба жиналғандарға жас жұбайлардың Чаншадағы Димаштың концертіне барған оқиғасын айтып берді. Оған қоса, күйеу жігіт Димаш Қытайға қайта келген кезде қалыңдығы үшін одан құттықтау жазып, тойда тосын сый жасамақ болған. Алайда, оның бұл ойы іске аспаған.

Қытайда қос ғашық тойын Димаштың құрметіне арнады 4

«Өкінішке қарай, қазір Димаш Қытайға сирек келеді. Бұл идея жүзеге аспаса да оның әрекетінің өзі маған қатты әсер етті. Қасымдағы жұбайыма қарап «Ия, мен жар таңдауда қателеспедім» деп ойладым», – деп ағынан жарылды ару.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Бірнеше рет өте қатты ұрды": Петропавлда тіс дәрігері науқастың жақ сүйегін сындырды

Келесі жаңалық

Күйеуі әйелін бір жарым жыл бойы дәретханада қамап ұстаған

ҰқсасЖаңалықтар

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді
Өмір

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73
800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды
Парламент

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
70
Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды
Қылмыс

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді
Өмір

Әкімдік баннердегі суреті үшін ақша талап еткен әйелге жауап берді

Қаңтар 21, 2021
21
Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Күйеуі әйелін бір жарым жыл бойы дәретханада қамап ұстаған

Күйеуі әйелін бір жарым жыл бойы дәретханада қамап ұстаған

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.3k
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.1k
Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр
Шоу-бизнес

Тойы шетелде өтеді. Емші бала Ерболсын үйленгелі жатыр

Қаңтар 10, 2021
677

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
219

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
13

Ақтауда жап-жас келіншек төртемді дүниеге әкелді

Қаңтар 21, 2021
73

800 мыңға дейін. Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

Қаңтар 21, 2021
70

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
109

Көлік айдаған 6 жасар бала келіншекті мүгедек қылды

Қаңтар 21, 2021
95
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.