Дүйсенбі, Наурыз 1, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Қытай мен қазақ жұмысшылары арасындағы қақтығыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Қазан 10, 2019
Оқиға, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Қытай мен қазақ жұмысшылары арасындағы қақтығыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Поделиться на Facebook

Талдықорған – Өскемен тас жолын салып жатқан Citic Construction атты Қытай компаниясында жергілікті жұмысшылар мен шетелдік азаматтар арасында қақтығыс болды. Қақтығыстан Қанат Жамбыл атты азамат жарақат алған. Оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы барған. Жергілікті жұмысшылар шенеуніктерге еңбек жағдайының нашарлығын, мигранттардың көптігін айтқан, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде қазақ жігітінің үш қытай азаматынан таяқ жегені туралы видео тараған еді. Соққы жеген 21 жастағы Жамбыл Қанат біраз уақыт бұрын әкімшілік соттан шыққанын айтты. Оның сөзінше, өзін сабаған қытайлық үш азамат 10 күнге қамауға алыныпты. Ал кикілжіңнің жолдың бойында жұмыс кезінде шыққанын айтады.

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

«Бас инженер тракторды қаға берген соң, трактордан түстім. «Жай істе. Істей алмасаң, кет», – деді. Жөн сұрадым. Сол кезде күрекпен аяғымнан ұрып жіберді. Артынша одан неге бұлай жасағанын сұрап, жағасынан алдым. Сол кезде үш қытайлық азамат келіп, ұра жөнелді. Мен жерге құлағаннан кейін тепкілей бастады. Содан кейін орнымнан тұрдым. Директор келіп ажыратып алды», – дейді Жамбыл Қанат.

Сонымен қатар Жамбыл үш қытай азаматы жабылып, мойнынан қылқындырғанда, бетімді қорғап, бүркеп жата бердім дейді. Ол осы жағдайдан кейін үрейленіп қалғанын айтады. Артық сөйлеуге қорқатынын да жасырмайды.

Ал компания жұмысшысы Айдос Қыдыржанов қақтығысқа үш қытай азаматының қазақ жігітін соққыға жыққаны себеп болғанын айтады.

«Бір қазаққа үш қытай азаматының жабылып кеткенін естіп, ертесі күні қазақ-қытай арасында төбелес болып, қытайларды соққыға жыққан. Ол жігіттерді ұстаған. Заң адамдарынан олардың өте қатаң жазаға тартылатынын естідік. Сонда біздің азаматқа заң қатаң да, неге қытайлықтарға жеңіл? Неге 10 күн ғана жазаланады?» – дейді Citic Construction компаниясының жұмысшысы Айдос Қыдыржанов.

Болған қақтығыстан кейін Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Үрімханов бірден оқиға орнына барып, істің мән-жайын анықтаған. Полиция мәліметінше, Мұрат Үрімханов кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кездесіп, қақтығыстың одан әрі өршуіне жол берілмеуі және кез келген заңсыз әрекеттерді жасау туралы түсіндірме әңгіме өткізген.

Қазіргі уақытта оқиға болған жердегі жұмысшылар жатақханасына арнайы полиция мен күзет қойылған.

 

Бөлісу11ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қаржы министрлігі 1 150 млн еуролық еурооблигациялар шығарылымын табысты аяқтады

Келесі жаңалық

ІІМ Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс бастады

ҰқсасЖаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін
Басты жаңалықтар

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
70
«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды
Әлем

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10
Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді
Әлем

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
76
Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті
Басты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
5
Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды
Басты жаңалықтар

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
6
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Алексей Цой: Дәрігерлердің орташа жалақысы 2023 жылы 561 000 теңгені құрайды

Наурыз 1, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
ІІМ Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс бастады

ІІМ Мұхамеджан Тазабектің полицейлерге айтқан уағызынан кейін тексеріс бастады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)
Басты жаңалықтар

Күйеуін бұзақылардан қорғап қалған: Павлодар облысында батыл әйел жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақпан 28, 2021
447
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
382
Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)
Бейне

Орысшасын ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде «хит» болды (видео)

Ақпан 26, 2021
1.8k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда үш жасар қызын ұрып өлтірген әйел 12 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 1, 2021
70

«Борат-2» фильмі «Алтын глобус» сыйлығына ие болды

Наурыз 1, 2021
10

Әке-шешесі 12 жасар қызын әйелдікке сатып жіберді

Наурыз 1, 2021
76

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
109

Нұр-Сұлтанда краншылар жалақысын 800 мыңға дейін көтеруді талап етті

Наурыз 1, 2021
5

Сайрамдық азамат досына арақ ішкізіп, арам ойын іске асырды

Наурыз 1, 2021
6
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.